Сатыбалдина Оксана Айсақызы
«Оригами» үйірмесінің жетекшісі
Педагог – модератор
Жұмыс өтілі: 18 жыл
«Оригами» үйірмесі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша білім беру бағдарламасы. Бағдарламада қағазбен жұмыс істеудің түрлі техникалары (оригами, модульдік оригами, квиллинг, торцевание, папье-маше, айрис-фолдинг, аппликация, жіппен бейнелеу және т.б.) қамтылған. Бұл үйірме оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, қол еңбегіне баулуға мүмкіндік береді. Оқушыларды қағаз бүктеу өнері — оригами техникасымен таныстыру арқылы ұқыптылыққа, сабырлыққа, шығармашылыққа баулу. Қазақтың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін өнер арқылы насихаттау.Оқушылардың шығармашылық және қолөнермен сәндік-қолданбалы өнерге дағдыларын дамыту, ұлттық мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру, қағазбен жұмыс істеудің түрлі техникаларын меңгерту.
Қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы, қосымша білім беру үйірмелері арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуеті, танымдық қызығушылығы мен логикалық ойлауы дамиды, сондай-ақ олардың ұлттық болмысқа деген құрметі артады. Сол бағытта ұсынылып отырған «Оригами» үйірмесі – өнер мен дәстүрді ұштастыра отырып, тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған. Оригами – бұл тек қағазды бүктеу ғана емес, баланың қиялын ұштап, қол моторикасын дамытатын, сабыр мен шыдамдылыққа баулитын, өз еңбегінің нәтижесіне сүйсінуге тәрбиелейтін ерекше өнер түрі.
ҚБББ өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы, педагогикалық мақсаттылығы;
Қазіргі заманда балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ұсақ моторикасын жетілдіру және эстетикалық талғамын қалыптастыру – қосымша білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. “Оригами” үйірмесі балалардың қағазбен, ермексазбен, түрлі материалдармен жұмыс істеу арқылы қиялын, ойлау қабілетін, қол шеберлігін дамытуға бағытталған.

