«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Асауова Жаннат Жумабаевна
«Қолданбалы – декоративті өнер» үйірмесінің жетекшісі
Пеадгог-сарапшы
Жұмыс өтілі: 16 жыл
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және қолөнер арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен дәстүрге құрмет сезімін қалыптастыру.
-
Ұлттық мұрамен таныстыру:
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерімен, оның түрлерімен (тоқу, кестелеу, зергерлік, ағаш, тері өңдеу, т.б.) таныстыру. -
Шығармашылық қабілетті дамыту:
Қолөнер бұйымдарын жасау барысында оқушылардың қиялы мен ойлау, бейнелеу дағдыларын жетілдіру. -
Еңбекке баулу:
Ұқыптылыққа, табандылыққа, өз еңбегін бағалауға және өзгенің еңбегін құрметтеуге үйрету. -
Эстетикалық тәрбие беру:
Өнер арқылы әсемдікке, сұлулыққа, талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу. -
Патриоттық сана қалыптастыру:
Ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеу арқылы отансүйгіштік сезімді нығайту. -
Кәсіптік бағдар беру:
Қолөнер арқылы болашақта кәсіптік бағыт таңдауға ықпал ету.
Үйірменің міндеті:
-
Оқытушылық міндеті:
-
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы білім беру;
-
Қолөнер бұйымдарын жасаудың негізгі тәсілдері мен технологиясын үйрету;
-
Қолөнерде қолданылатын құрал-жабдықтармен және материалдармен таныстыру.
-
-
Дамытушылық міндет:
-
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын және қиялын дамыту;
-
Қолмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру (ұқыптылық, дәлдік, шыдамдылық);
-
Еңбек мәдениетін, ұйымдастырушылық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
-
-
Тәрбиелік міндет:
-
Ұлттық дәстүр мен мәдени мұраға құрмет сезімін тәрбиелеу;
-
Халықтық өнер арқылы отансүйгіштік, елжандылық сезімін қалыптастыру;
-
Еңбекке, ұжымдық жұмысқа, ынтымақтастық пен өзара көмекке баулу.
-
Қазақтың қолөнерін оқушыны тәрбиелей отырып үйрету – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, оқушыны ұлттық рухы биік, еңбек сүйгіш, эстетикалық талғамы жоғары, шығармашыл тұлға етіп қалыптастырудың, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, эстетикалық талғамға, ұлттық санаға тәрбиелеудің үрдісі. Яғни, қолөнер арқылы оқушыны тәрбиелеу мен үйрету қатар жүреді. Бұл тәсіл оқушының жеке тұлға ретінде дамуына зор ықпал етудің тиімді жолы. Оқушы тек бұйым жасап қана қоймай, сонымен бірге рухани бай, мәдениетті, еңбекқор азамат болып өседі.
Қолөнерді үйретуде көрнекілік әдістер мен тәсілдер – оқушылардың зейінін шоғырландырып, материалды тез әрі сапалы меңгеруіне көмектесетін ең тиімді құралдардың бірі. Қолөнер – практикалық бағыттағы пән болғандықтан, көрнекілік – үйретудің негізгі әдістерінің бірі саналады. Көрнекіліктің түрін айтатын болсақ «Табиғи көрнекілік» дайын бұйымдарды қолмен ұстап көреді, «Көру арқылы қабылданатын көрнекілік» бұйымның плакатта бейнеленген суреттері, нұсқаулық карталар, «Бейне жазба көрнекілік» шеберлік сабақтары, тарихи деректі фильмдер, ұлттық қолөнер туралы бейне материалдарын көрсету. Осы көрнекіліктерді көрсету арқылы оқушы бұйым жасаудың нақты кезеңдерін оңай түсінеді, заттарды көру, ұстау арқылы материалды терең меңгереді, шығармашылыққа ынталанады, есте сақтау мен қызығушылығы артады. Көрнекілік – қолөнерді үйренудің емес, меңгерудің құралы. Оны дұрыс әрі жүйелі қолдану – оқытудың сапасын арттырады.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»


