«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Қанатқызы Әсем
«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі
Жұмыс өтілі: 1,5 жыл
«Қолөнер» үйірмесі. Үйірменің мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге, ісмерлікке дамыту.
Кәсіби өзін-өзі жетілдіру үшін еңбек қызметінің дағдыларын жинақтау, еңбексүйгіштік, еңбекке баулу, табысты еңбектің маңыздылығын түсіндіру.
Қол тігіс түрлері. Оқушыларды қазақ халқының қол тігіс түрлерімен таныстыру. Жәй түзу тігіс, көшірме тігіс, қиғаш тігіс, бүгу тігісі, қайып тігу, тізбектеу тігісі, айқас тігісі, жұлдызша тігістерін қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, жұмыс жасау.Қолмен тігу дағдыларын қалыптастыру арқылы еңекке баулу. Қол тігістерін пайдаланып, оқушыларға қазақтың дәстүрлі бұйымы — тұмаршаныңмаңызын түсіндіру, ою-өрнек түрлерін таныстыру және тұмаршаны тігу технологиясын үйрету.
Фетр туралы мәлімет беру. Фетр матасынан жұмыстар жасау. Елік нобайын салу, бөліктерін дайындау және бөлшектерін торлау тігісі әдісімен тігу. Оқушыларды ірмерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Фетр материалымен жұмыс істеуді үйрену. Қарапайым жапсырмалау техникасын қолдану арқылы ұлттық аспаптың бейнесін жасау. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.Сонымен қатар оқушыларға жапсырмалау техникасы арқылы күз мезгілінің көрінісін жасау жолын үйрету, түрлі-түсті фетрмен және материалдарды дұрыс қолдануға баулу.
Электр іс машинасының құрлымымен таныстыру. Іс машинамен жұмыс жасауға үйрету, еркін тігіп шығуға мүмкіндік жасау. Электр тігін машинасының негізгі бөліктерімен таныстыру, оның жұмыс істеу принципін түсіндіру,технологиялық сауаттылықты дамыту.Электр тігін машинасын қауіпсіз әрі дұрыс қолдану ережелерін үйрету.
Халықтық пішім негізінде киім дизайнын жасау. Киім үлгілерін композициялау, өлшеп, пішіп, тігіп үйрету.
Ою-өрнек ұлттық мұра. Қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнек өнері туралы түсінік беру. Ою-өрнектердің түрлерін, мағынасын, қолданылатын орындарын таныстыру.Ою-өрнектердің түрлерін бейнелеу жолдарын үйрету, оқушылардың қиялын, композициялық ойлауын, әдемілікке деген көзқарасын қалыптастыру.
Тұзды қамыр жайында мағлұмат беру. Тұзды қамыр жайында мағлұмат беру. Тұзды қамырдың илеу жолын түсіндіріп, оны әртүрлі түске бояуды көрсетіп, бұйымдардың жасалу жолдарын үйрету.
Ниткографиямен техникасы. Оқушыларды жіппен бейнелеу әдісімен таныстыру және оны практикада қолдануды үйрету.Қол мен көз үйлесімділігін, дәлдік пен ұқыптылықты дамыту.
Киіз басу тәсілі,жүннен жасалған бұйымдардың жасалу технологиясы.Оқушыларды табиғи материал-жүнмен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру, ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықты арттыру және эстетикалық талғам.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»


