«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Серікқызы Гүлдана
«Дизайн» үйірмесінің жетекшісі
Педагог-модератор
Жұмыс өтілі:
«Өнерлінің өрісі- еңбектен басталады».
Мақсатым:
Бейнелеу өнері, дизайн, технология пәні бойынша еңбекке, қолөнерге үйрету барысында бағдарлама бойынша өнер туындыларымен танысып, көркемдік білім, эстетикалық тәрбие алып, бейнелеу өнерінің даму тарихымен, түрлерімен, халқымыздың ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан асыл мұра туындыларын сүйе білуге, шығармашылық өнерді шынайы түрде бейнелеуге үйрету.
Өзекті мәселем:
Оқушылардың өнерге деген танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шынайы түрде жетік меңгерту.
Міндетім:
-
Отандық және әлемдік мәдениет қайраткерлерінің өнер туындыларына деген сүйіспеншілік қатынастарды қалыптастыру.
-
Әр түрлі бағытта, жанрда, стильде құрылған өнер шығармаларындағы көркем ойды қабылдауға деген танымдық қызығушылықты ояту, үйрету.
-
Қоршаған орта шындығын өз бетімен көркем бейнелеу арқылы көрсете білуге шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, жобаны тани білуге, он саусагынан өнер тамған баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білімі еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
-
Өнер түрлерін үйрету арқылы халқымыздың мәңгі жоғалмас керемет асыл туындыларын танытып ұғындыру, үйрету.
Өнерді үйрету барысында пәндік жүйемен байланыс және өзге пәндерді кіріктіре оқыту ұстанымы- бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс- әрекеттерді тұтастықта құруға қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы- білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялық арқылы оқушылардың әлемді тұтастай қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелеп отырып үйрету ( Эсетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дамыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану )ұстанымы- бұл шығармашылықпен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.
Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері- шебер, суретші, сәулеткер және т.б. өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекті құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру, бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс- тәсілдерді көрсету.
Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы- оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру, және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Өнердің негізгі саласының бірі- бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнері адамның өз ортасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажырата білуіне бағыттайтын білім сатысының басы.
Сурет салуды сүю- өнерді, табиғатты, яғни қоршаған ортаны сүю.
Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Өнер қашанда қамқорлықты асқан жауапкершілік пен жанашырлықты қажет етеді.
Бейнелеу өнері—ұлттық сана- сезімді қалыптастырудың, барша халықтың да өнерін сүйе білуге баулитын басты жол.
Дизайн- көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шаралаын қамтитын бағытының атауы.
Дизайн- бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің бір түрі. Дизайн қызметінің ерекшелігі- әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдарының қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.
Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады.
ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 жылы Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап- сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып- жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этно дизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Ал бүгінгі XXI ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Дизайн мынандай бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар:
-графикалық
-автомобильдік
-компьютерлік
-жиhаздық
-интерьерлік
-өндірістік
Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Олар:
-
статикалық үйлесім
-
динамика
-
асимметрия
-
нюанс
-
метр
-
ритм
-
симметрия
-
контраст
Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиhаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады.Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Еуропаға еліктіп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір- қасиетін жоғалтып алмайық.
Қолөнерге, еңбекке үйрету барысында оқушыларға берілетін тәлім- тәрбие үрдісін жетілдіру жұмыс мәдениетін адамдар арасындағы адамгершілік қарым- қатынастарды жаңарту еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау,сол себепті әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру қажет. Адамға ең бірінші өмірлік қажетті нәрсе– еңбек екенін уақыт дәлелдеуде. «Таусылар алтыныңда қорыңдағы,
Өнерің бітпес дәулет қолыңдағы»,- дегендей жас ұрпақты өнерге баулу, өрісін кеңейту басты парызымыз,- деп ойлаймын.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»


