«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Өришанова Гүлжанат Балтабайқызы
«Қолданбалы қолөнер» үйірмесінің жетекшісі
Педагог-модератор
Жұмыс өтілі: 13 жыл
«Қолданбалы қолөнер» үйірмесі. Қолөнер-ұлттың рухани байлығы мен тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтармен таныстырып, олардың еңбекке, шығармашылыққа деген деген сүйіспеншілігін арттыру-білім мен тәрбиенің міндеттерінің бірі. Аталған үйірме бағдарламасы оқушылардың қол икемділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ұлттық өнер түрлерін меңгертуді көздейді.Бағдарлама мазмұнында еңбекке баулудың әсіресе еңбектің адам өміріндегі маңызы, оның тәрбиелік мәні ерекше назарда ұсталады.
Кесте түрлері оның ішінде көркемдік кесте тігістері, кесте тігу өнерінің шығу тарихы,жіп,тігіс түрлерімен таныстыру,шым, айқас тігістерін тігіп үйренеді.Сабақта оқушылар тігіс түрлерімен танысып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, ұлттық бұйымдарды сәндеуге машықтанады.
Моншақпен жұмыс бөлімінде балаларға моншақпен жұмыс жасаудың жолдары үйретіледі. Моншақтың түрлері мен қолданылуы, моншақтан гүл жасау, ұлттық нақыштағы моншақ бұйымдарын жасау, білезік жасау үйретіледі.
Жүннің жұмбағы: дәстүр мен қолөнер үндестігі бөлімінде құрғақ жүнмен жұмыс жасауды, жүнненалқа жасау, жүннен ылғалдау әдісі арқылы ұлттық киім дайындау, киіз басу, мерекелерге арналған қолөнер бұйымдарын жасау үйретіледі.Оқушылардың жұмыстарынан көрме өткізу. Облыстық және республикалық көрмелер мен байқауларға қатысу.
Сәндік жапсырма өнері бөлімінде оқушыларға ұлттық ою-өрнектер, ою-өрнек жапсырмасы, гүлдер әлемі, сәндік панно, гүл шоқтары, менің сүйікті жануарым, жаңа жыл сәні, қыс қызығы жаңа жылдық ойыншықтар тігу үйретіледі.
Қазақтың ұлттық киімдері бөлімінде оқушыларды халқымыздың киім түрлерімен таныстырып, ою-өрнек, кесте, сәндік элементтердің қолданылуы үйретіледі.Бұл бөлімде қазақтың ұлттық киім түрлерімен таныстыру, сәукеле, тақия, кимешек, киімге ою басу, ер адамның ұлттық киімі, заманауи киімдер, балаларға арналған ұлттық киімдер, ұлттық киім киген қуыршақ жасау, киімге сәндік түйме қадау үйретіледі.
Құрақ құрау.Оқушылар ұлттық қолөнердің маңызды түрі –құрақ құрау өнерімен танысады. Құрақ-қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнектер імен мата бөліктерін біріктіру арқылы жасалатын, көркем әрі қолданыста ыңғайлы бұйым. Үйірме барысында оқушылар мата таңдау, өрнек құрастыру, тігін техникасын меңгеріп, ұқыптылық пен шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бөлімнің мақсаты: ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге, еңбек дағдыларын жетілдіруге және қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Мақта талшықтарынан композиция құрастыру мақта таяқшаларын бөліктерге бөлу, оларды рет-ретімен желімдеу, орналастыру үйретіледі.Үйірме барысында оқушылар шығармашылықпен айналысып, өз қолымен әдемі және пайдалы бұйымдар жасайды.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»


