Дузбаев Маргулан Сансызбаевич
«АРТ шебер» үйірмесінің жетекшісі
Жұмыс өтілі: 11 жыл
«АРТ шебер» үйірмесінің мақсаты біздің балаларымыз болашағымыз үшін, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол кезден басталады. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс – әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау, ең алдымен (қабілетін) ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді. Оқушы шығармашылығын дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, дәне оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Оқушылардың шығармашылығын танымдылық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой – өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше. Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуды үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуі қажет.

