«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Жарылғасын Аяла Ғизатқызы
«Наз» би үйірмесінің жетекшісі
Жұмыс өтілі: 1 жыл
«Наз» би тобының бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дене қимылының үйлесімділігін, сахналық мәдениетін дамытуға бағытталған. Бағдарлама ұлттық және әлемдік би өнерінің түрлі бағыттарын қамтып, дене дайындығын жетілдіруге,сахналық шеберлікті қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген.
Акробатика-бұл бөлім оқушылардың дене күшін, ептілігін, шыдамдылығын арттырады. Акробатикалық жаттығулар арқылы қозғалыстың серпінділігі мен қимыл нақтылығы қалыптасады. Би қойылымдарында акробатикалық элементтер әсерлілік пен динамика береді.
Тарихи-тұрмыстық би- халықтардың тұрмыс – салтын бейнелейтін билер оқушыларды тарихқа жетелейді, олардың дүниетанымын кеңейтеді. Әрбір би белгілі бір дәуірдің ерекшелігін, халықтың мінез-құлқын сахнада көркем жеткізуді үйретеді.
Қимыл-қозғалыс координациясына арналған жаттығулар- бұл бөлімде оқушылардың дене үйлесімділігі дамытылады. Қимылдың ырғаққа дәл келуі, әрбір дене бөлігі қозғалысының үйлесімі, сахнада еркін қозғалу дағдылары қалыптасады. Мұндай жаттығулар шығармашылық қабілетті ашып, сахналық сенімділкке тәрбиелейді.
Эстрадалық би- эстрадалық бағыт қазіргі заман талабына сай оқушыларға еркіндік пен шығармашылық энергия береді. Бұл билерде спорттық, ырғақты қимылдар, заманауи қозғалыстар меңгеріледі. Сахналық харизма мен артистік бейнені қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстанның ұлттық билерін үйрену-бағдарламаның негізгі өзегі ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Қазақ билері арқылы оқушылар халқымыздың әдет-ғұрыптарын, дүниетанымын қимылмен жеткізуді үйренеді. Бұл ұлттық рух пен патриотизімді тәрбиелеудің тиімді жолы.
Халықтық сахналық би –бұл бөлім халықтық билердің сахнаға бейімделген түрлерін қамтиды.Мұнда қазақ биінің дәстүрлі қимылдары сахналық стильде орындалып, көркемдік нақышқа ие болады.Оқушылар сахна мәдениетін меңгеріп, образ жасауды үйренеді.
Гимнастика-гимнастикалық жаттығулар жалпы дене дайындығын жетілдіруге, икемділік пен сымбаттылықты дамытуға бағытталған. Бұл бөлімде дене қалпын дұрыс ұстау, бұлшық еттердің серпімділігін арттыру, қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру жаттығулары қамтылады.
Мақсаты: Ырғақты және би қимылдарының, музыканың көмегімен білім алушының шығармашылық қабілеттерін, біліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бағдарлама білім алушылардың музыкалық-ырғақты жаттығуларды, қозғалыс үйлесімділігі, жаттығуларды, би ойындарын, хореографиялық этюдтерді, классикалық, халықтық сахналық билердің элементтерін орындау біліктерін меңгеруге, бағдарламада, жеке тәжірибеде қарастырылған, қатар қойып, салыстырып және би қимылдарын саналы орындай отырып, әрі қарай хореография өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесетін білім, білік қорын алуға жағдай жасайды.
Міндеті:
-
Музыкалық-ырғақтылық қызметінің әртүрлі түрлерінде: ырғақты қадам, ырғақты гимнастика, би, пластиканы меңгеруге
-
Қозғалыстың әртүрлі формаларын: музыкалық сүйемелдеумен жүру, жүгіру, гимнастикалық және би жаттығуларын меңгеруге
-
Бұлшық ет сезімінің дамуын, кеңістіктегі бағдарлану мен үйлесімділікті, қозғалыстың нақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін
қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»


