Аязова Махаббат Тұяқбайқызы
«Оригами» үйірмесінің жетекшісі
Жұмыс өтілі: 20 жыл
«Балауса би» үйірмесі оқушылары би өнерін үйреніп қана қоймай ұлттық салт – дәстүрлерге негізделген түрлі билерді үйренеді. Әр би арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді. Би өнері арқылы сезімді жеткізу, шығармашылықты дамыту, дене қозғалысын жетілдіру, мәдениетті көрсету.
«Би» - музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халықтардың салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақ биіне арналған жаттығулар қолдың 1 2 3 4 5 6 қалыптары, иық, басқа арналған жаттығулар арқылы оқушылардың дене қимылын дамыту. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшілігін белгілі бір деңгейде дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды, оқушылардың музыкалық есту қабілетін ырғақты сезінуін, дене икемділігін, сахналық мәдениетін, эмоциясын жеткізу шеберлігін дамытуға бағытталған. Үйірме арқылы оқушылар тек қазақ халқының ғана емес, басқа ұлттардың би мәдениетімен де таныса отырып, өзара сыйластық пен рухани бірлікті сезінеді. Үйірме жұмысы оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін ескере отырып құрылды. Әр сабақта оқушылар музыкалық сүйемелдеу арқылы түрлі би қимылдарын меңгеріп, өзін еркін сезіне білуге, сымбатты жүріс – тұрысқа ,сахнада өзін ұстауды үйренеді.
Мақсаты :
Оқушыларды тұлға ретінде тәрбиелеу, халықтық – сахналық билерді меңгеру арқылы білім алушылардың бойында эстетикалық үлгі қалыптастыру. Оқушыларды іздемпаздығын дамытуға, тұлғаның көркемдік, эстетикалық тәрбиесіне жағдай жасау арқылы халықтық би қызығушылығын қалыптастыру.
Міндеттері :
-Сезіну, есту қабілетін дамыту.
-Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
-Би шығармаларының буын – ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
-Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
-Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
- Музыка есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық жадыны, орындаушылық техниканы дамыту.
-Оқушылар тұлғасының, жалпы мәдениетін қалыптастыру, білім алушының көркемдік және эститекалық талғамын дамыту
Оқу міндеттері
1 Би қимылдарының негізгі элементтерін меңгеру.
2 Би қимылдарын музыка ырғағымен үйлестіре орындауға үйрету.
3 Әуен ырғағымен қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.
4 Дене сымбаты мен қимыл дәлдігін жетілдіру.
5 Музыканы тыңдап, оның көңіл күйін би арқылы жеткізуге үйрену.
Тәрбиелілік
-Оқушылар ішкі дүниесін, мінез – құлқын, сезімін көркем түрде дамыту.
-Эстетикалық талғамын, сұлулыққа құштарлығын ояту.
-Ұлттық құндылықтарды, салт – дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге баулу
Дамытушылық
Оқушылардың қимыл, ырғақ, эмоциялық, шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамытуға бағытталған би түрі. Бұл бағыттағы би жұмыстары арқылы бала тек қимыл үйреніп қана қоймай, өз ойын, сезімін, мінезін би арқылы еркін жеткізуге үйренеді.
Бағдарламаның өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы, педагогикалық мақсаттылығы. Оқушыларды би өнері арқылы жан – жақты тұлға ретінде тәрбиелеу. Би қимылдары мен ырғақтық жаттығулар арқылы олардың ептілігін, икемділігін, қимыл үйлесімділігін дамыту. Сонымен қатар, эстетикалық талғамын, музыкалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру көзделеді.

