Жиенбаева Әсия Құбашқызы
«Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі
Жұмыс өтілі: 1 жыл
Ағылшын тілі үйірмесінің негізгі мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілінде қарапайым және күнделікті қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорын дамыту, сондай-ақ шет тіліне деген қызығушылығын арттыру. Үйірме барысында оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары кешенді түрде дамытылады.
Мақсаты:
Ағылшын тілінің әліпбиін, дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету;
Қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту;
Күнделікті қолданылатын базалық лексиканы қалыптастыру (түстер, сандар,
отбасы, мектеп, жануарлар және т.б.);
Қарапайым сұрақтарға жауап беру және қысқа диалог құра білу дағдыларын
дамыту;
Тыңдалым арқылы түсіну және қарапайым мәтіндерді оқуға үйрету;
Ойын, ән, бейнематериалдар арқылы тілге қызығушылықтарын арттыру.
Ағылшын тілінде еркінірек сөйлеу дағдыларын дамыту;
Грамматикалық құрылымдарды (Present Simple, Present Continuous және т.б.) меңгерту;
Өз ойын қарапайым түрде жеткізе алу (өзі туралы, отбасы, достары, қызығушылығы туралы);
Қысқа мәтіндерді түсініп оқу және мазмұндау;
Жазбаша түрде қарапайым сөйлемдер мен шағын мәтіндер құрастыру;
Коммуникативтік дағдыларды дамыту, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Үйірмеден күтілетін нәтижелер:
Оқушылар ағылшын тілінде қарапайым деңгейде сөйлесе алады;
Тыңдалған ақпараттың негізгі мазмұнын түсінеді;
Қарапайым мәтіндерді оқып, мағынасын ұғынады;
Өз ойларын қысқа әрі түсінікті жеткізе алады;
Ағылшын тіліне деген қызығушылығы артады және өз бетінше үйренуге дағдыланады.
Үйірменің негізгі міндеттері:
Оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту;
Шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
Заманауи әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияларды пайдалану; Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру;
Тіл үйренуге жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
