«Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Байганинский районный центр творчества» ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»
Насыров Тимур Аманжолович
«Шебер» үйірмесінің жетекшісі
Педагог-модератор
Жұмыс өтілі: 13 жыл
«Шебер» үйірмесінде оқушылар жалпы үйірменің мақсатымен танысады. Еңбектің адам өміріндегі рөлі, оның тұлғаны қалыптастырудағы маңызы, шығармашылық қабілетті дамытудағы орны түсіндіріледі.Үйірмеде оқушылар төмендегі бөлімдер бойынша жұмыс жасайды:
Еңбектің адам өміріндегі маңызы. Адамның күнделікті тұрмысында еңбек басты қажеттіліктің бірі болып табылады. Бұл тақырыпта еңбек арқылы адам өзін-өзі дамытатыны, қоғамға пайда әкелетіні, кәсіби дағдыларды қалыптастыратыны жайлы түсінік беріледі.
Қатырма қағаздан 3D үй макетін жасауБұл сабақта оқушылар қатырма қағаздың қасиеттерімен танысып, оны тұрмыстық және шығармашылық мақсатта қолдануды үйренеді. Үй макетін жасау арқылы сызу, өлшеу, құрастыру, әсемдеу дағдылары қалыптасады.
Ағаш бетіне ұлттық ою-өрнекті күйдіріп жасау. Бұл бөлімде оқушылар қазақ халқының ұлттық ою-өрнек түрлерін зерттеп, ағаш бетіне күйдіргіш аспаппен өрнек салуды үйренеді. Сабақ шығармашылық ойлау мен қол еңбегінің ұқыптылығын арттырады.
Сәулелі өрнек – әйнектегі көркемдік. Әйнек бетіне арнайы бояу және контур арқылы сәулелі өрнектер түсіру үйретіледі. Оқушылар түстердің үйлесімділігін сезініп, эстетикалық талғамын дамытады, шыдамдылық пен ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Ағаштан ас табағын жасау. Бұл бөлімде ағашты өңдеу, жону, қашау, тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Ас табағын жасау барысында оқушылар ұлттық бұйым түрлерімен танысады, дәстүрлі қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырады.
Сылдырмақ жасау технологиясы. Сабақ барысында оқушылар балалар ойыншығы – сылдырмақты жасаудың кезеңдерімен танысады. Бұл жұмыс ұқыптылыққа, әшекейлеу, құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталады.
Қобдиша жасау. Оқушылар қобдишаның сызбасын сызуды, қаңқасын құрастыруды, қақпағын бекітуді және ою-өрнекпен безендіруді үйренеді. Сабақ дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
«Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру.Бұл бөлімде оқушылар түрлі түсті қағаздардан гүлдер жасап, композицияны сәндеп үйренеді. Түстерді сәйкестендіру, үйлесімді дизайн құрастыру арқылы эстетикалық қабілеттер дамиды.
Сым темірден тұмарша жасау. Сым темірді ию, қалыпқа келтіру, сәндік элементтер қосу арқылы ұлттық нақыштағы тұмарша жасалады. Бұл жұмыс ұқыптылықты, ұлттық дәстүрге қызығушылықты, шығармашылық қабілетті арттыруға бағытталған.
«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК ГККП «Байганинский районный центр творчества»
ГУ «Отдел образования Байганинского района Управления образования Актюбинской области»

